Референдум – демократияның маңызды институты

Сонымен қатар, халықтың тікелей заң шығару ісіне араласуын білдіреді. Бұл мемлекет үшін және әрбір жекелеген азамат үшін маңызды шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуының бір тәсілі, үлкен іске халықты жұмылдыру, ойын бір жерге тоғыстыру.

Жалпы, бұл шара ел тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Осы уақытқа дейін екі рет өткені бәрімізге белгілі. Мынау – үшіншісі. Алдыңғы өткен референдумдар Конституция қабылдауға және Президент өкілеттілігін өзгертуге байланысты болды. Ал, биылғы, референдум Қазақстан Респубилкасының Конституциясындағы кейбір заң нормаларын өзгертуді көздеп отыр. Негізгі Заңға енгізілетін түзетулер еліміз үшін аса маңызды. Өзгерістер Конституция баптарының үштен біріне қатысты болмақ. Яғни, Конституциямыз жаңа мәртебеге ие болады. Осылайша, «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобаны қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал бойынша бүкілхалықтық дауыс беру азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне тікелей қатысуын және саяси шешімдерді қабылдау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді
Референдум қажет. Осыны халық түсіне алды ма? Өйткені, қазір жиі айтылып жүрген Жаңа Қазақстан ұғымы жәй сөз емес. Елдегі әр азамат болашақта елді жаңа сатыға көтеруге, жаңашыл бағыт алуына өздері атсалысып, құруға қатыса алады. Бұл – сол межеге жететін саты.
Жалпыхалықтық шара аясында Ата Заңның басты нормаларына өзгерістер енгізу туралы мәселе айтылып отыр. Конституция ең негізгі заң болғандықтан, ол басқа да конституциялық заңдарға негіз бола алады. Яғни, Президент, Парламент туралы, басқа да конституциялық заң нормалары жаңа мазмұнда қабылданатын Конституциядан кейін өзгеріске ұшырайды. Бұл қадамдардың барлығы да елдегі қоғамдық қатынастарды азаматтық қоғам тұрғысынан реттеуге мүмкіндік береді.
Сондықтан, референдумға белсенді қатысудың мәні зор. Өйткені, әр дауыс маңызды.


Темірбаева Шынаргүл Жаңайқызы
«AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалының
атқарушы хатшысы
Тапсырыс беруші «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT