Құрбан айтты қуана қарсы алды

Өткен сейсенбі күні жылыойлық жамағат та қасиетті Құрбан айт мерекесін ерекше қуанышпен қарсы алды.

Айттың алғашқы күні таңертеңгі сағат 7.30 минутта Жылыой мұсылмандары орталық мешітінде айт намазын оқудан басталды. Айт қарсаңында Арапа күнінде ораза ұстаған тақуа жандар таң намазына асыға тұрып, қасиетті Жылыой жерін күн сәулесімен нұрландыра бастаған сәттен-ақ Алладан дұға тілеп, ғибадат үйіне қарай асықты. Жиналған жұртшылық алдында орталық мешіттің бас имамы Арман Исаев уағыз-насихат айтып, мұсылмандар үшін үш күн мерекеленетін Құрбан айттың қадір-қасиеті хақында хабардар етті. Дінбасының мағыналы да әсерлі әңгімесінен соң жамағат екі ракағат айт намазын оқып, дұға қылды.

Айт намазына аудан әкімі Азамат Бекет те қатысып, мереке қуанышын жамағатпен бірге бөлісті. Ұлттық болмысымызбен үндескен мереке әрмен қарай жылдағы үрдіспен жалғасын тапты. Мешіттің оқшаулы алаңында ұлттық ойын түрлерінен сайыс болып өтті. Жамағат топ-топқа бөлініп арқан тартысты, боз кілемде белдесіп, қол күшін сынасты. Сайыс жеңімпаздарына сый-сияпаттар үлестірілді. Мереке құрбандық шалып, Ұлы Жаратушыға дұға оқумен жалғасты.

Е.Қошақанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521