Құрбан айт күнгі қайырымдылық

Қазіргі карантиндік жағдайға байланысты 10 адам ғана қатысты

Құрбан айт мерекесінің соңғы күнінде ССЕР компаниясы Құлсары қаласында тұратын аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қосқанда барлығы 50 адамға «Идеал» супермаркетінің 10 000 теңгелік азық-түлік сертификатын табыс етті. Сертификаттарды аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің ғимаратында компанияның атқарушы директоры Орақ Бисембиевтің өзі берді. Оған қазіргі карантиндік жағдайға байланысты 10 адам ғана қатысты.

Алдымен, сөз сөйлеген бөлім басшысы Нұржарық Сауытов келушлерді Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ССЕР компаниясының осыған дейін де аудандағы қайырымдылық шараларына атсалысып келе жатқанын атап өтіп, аудан тұрғындары атынан алғыс сезімін білдірді.

-Осы жерде отырған барша азаматтарға алғыс айтамын. Өйткені, солардың арқасында ауданда осындай қайырымдылық шарасы әрдайым өткізіліп тұрады. Жағдайымды айтса:, өзім зейнеткермін, жанұямда 10 адам тұрамыз. Отбасымды бір адам ғана жұмыс жасап асырайды. Әрине, ол аз. Бүгінгі 10 мың теңгелік сертификат біз үшін аз да болса демеу. Сондықтан сіздерге ағалық алғысымды білдіре отырып, денсаулықтарыңіз мықты, жұмыстарыңыз жемісті болсын деген тілектемін, - деді Ізім Талғат есімді зейнеткер қария.

Компанияның игі шарасы алға қарай да жалғасын таба бермек.

Жанат Қарағожиева,

студент,

Құлсары қаласы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT