Құрбан айтқа байланысты қаулы жарық көрді

Қаулының толық мәтіні

Құрбан айт мейрамын мерекелеу кезінде Атырау облысы тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету туралы

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау қаласы және аудандардың әкімдіктері, Атырау облысының Полиция департаменті, Атырау облысы Дін істері басқармасы, Атырау облысы мұсылмандарының діни басқармасының өкілдері Құрбан айт мерекесі күндерінде:

1) құрбандық шалуды (Құрбандық) онлайн режимде Qurban2021.kz сайтына өтінім беру арқылы онлайн режимде ұйымдастырсын;

2) тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған малдың еті) сою, тасымалдау және сақтау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін, бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі компонентін алған немесе 72 сағаттан аспайтын мерзімде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар адамдарды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ете отырып, тартуға рұқсат етілсін;

3) COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі профилактикалық шаралар мен санитариялық нормалар талаптарына сәйкес халыққа малды өткізу орындары қаланың мынадай белгіленген мекенжайлары бойынша ұйымдастырылсын: Атырау-Доссор-Индер тас жолының бойында, Атырау-Дамбы-Алғабас тас жолының бойында (осындай орналасу орындарын аудандарда белгілесін);

4) ветеринариялық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған мал сою пункттері мен алаңдарда мал союды және сатуды ұйымдастыруға рұқсат етіледі (қаланың мал сою пункттері: Атырау-Астрахань тас жолының бойындағы «Асыл Агро» ШҚ, Береке ықшам ауданы «Қуаныш» ЖК, Атырау-Махамбет тас жолының бойындағы «Адал», «Жерұйық» ықшам ауданындағы «Тума», Тайманов көшесінің бойындағы «Елнас» ауыл шаруашылық базары, ветеринариялық қызметпен бекітілген тізбеге сәйкес аудандардағы мал сою алаңдары).

5) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік иеліктерінде және медреседе адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;

6) автокөліктерде мал сатуға, жеке үй иеліктерінде мал сою мен сатуға тыйым салынсын;

2. Атырау қаласы және аудандардың әкімдіктері, Атырау облысының Полиция департаменті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы:

1) мониторинг және карантиндік шараларды бұзушыларға тиісті шараларды қолдану үшін мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастырсын;

3. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы:

1) облыс аумағындағы барлық мал сою пункттерінің жұмысына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды күшейтсін.

4. Атырау қаласы және аудандар әкімдіктеріне, Атырау облысы мұсылмандарының діни басқармасының өкілдеріне:

1) тұрғындарға құрбандық шалуды онлайн режимде ұйымдастыруды түсіндіру жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізсін, «Құрбан айтты» мерекелеуді ұйымдастыру мәселелерін халыққа түсіндіру үшін Call-орталықтың жұмысын ұйымдастырсын.

5. Атырау қаласы және аудандардың әкімдері, Атырау облысының Полиция департаменті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары осы қаулының орындалуын қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулы 2021 жылғы 19 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Танауов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521