Құран жарысы өтті

11 маусым күні Жастар ресурстық орталығы аудандық орталық мешітте жылыойлықтар арасында "Құран жарысын" өткізді.

Мақсаты - жас буынды дәстүрлі дінге шақыра отырып, түрлі діни ағымдардан сақтау. Құранды дұрыс оқуға шақыру, білім ізденуге ынталандыру, Пайғамбарымыз (с.а.у.) өмірі арқылы мейірімділікке, сыйластыққа тәрбиелеу. Жарысқа қала, аудан, ауылдық округ мешіттерінен барлығы 20 қатысушы қатысты. Жарыс екі бағыт бойынша өтті. Жарыс кезінде қатысушылардың қырағылығына, Құранды ережесімен, қатесіз оқуына және жаттау қабілетіне, қосымша ораза, дәрет, намаз баптары бойынша сұрақтарға жауап беруіне де мән берілді. Әділқазылар Құран жарысына қатысушыларды бағалап, төрелік етті. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, олар диплом және естелік сыйлықпен марапатталды. Қалған қатысушылар да белсене қатысқаны үшін алғысхатпен, ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Ж.ЕСМҰХАНҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521