Жақында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен қауырымдылық шарасы өтті.
Оған Теңіз кенішіндегі «Сенімді құрылыс» компаниясы демеушілік жасады. Аталған компанияның Үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімінің басшысы Омер Кесим баршаны Рамазан айымен құттықтап, ауданымыздағы әлеуметтік аз қамтылған 25 отбасына 15 мың теңгенің купондарын сыйлады. Бұл купондар арқылы олардың «Лидер» сауда үйінен өздеріне қажетті азық-түліктерін алуларына болатыны айтылды. Бөлім басшысы Нұржарық Сауытов аудан тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсетіп отырған компания басшылығына ризашылығын білдірді. Өз кезегінде тұрғындар да қасиетті айда сый жасаған ұжымға алғыстарын айтып, үлкендер жағы ақ баталарын берді.
Қ.Нұртайұлы.