Әр үш өрттің біреуі – пеш ақауынан

Ішімдік құмар азаматтың мас күйінде темекі шегуінен де кейде от тұтанып жатады.

Тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережесін естен шығарып, тұрмыстық электр техникасы мен электр сымдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтамауы, пеш мұржасының ақаулығы, балалардың отпен ойнауы секілді салғырттықтар қазіргі таңда тілсіз жаудың бой көтеруінің басты себебі болып отыр. Ішімдік құмар азаматтың мас күйінде темекі шегуінен де кейде от тұтанып жатады. Статистикалық мәліметке сүйенсек, онда әрбір орын алған 3 өрттің біреуі пештің ақауынан туындайды екен. Ал жылу беру маусымы басталысымен қауіп – қатер еселене түседі.

«Жаман айтпай, жақсы жоқ», мұндай жағдайда орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың салдары адамның денсаулығы мен өмірі үшін орны толмас қайғы, материалдық шығын әкеледі. Сондықтан қауіпсіздік ережесін тағы бір еске сала кеткен артықтық етпейді.

Жылыту маусымындағы қауіпсіздік ережелері:

  • Газ плитасының жанында тез тұтанатын заттар тұрмауы тиіс;
  • Жанып тұрған жылыту құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;
  • Газ плитасын бөлмені жылыту үшін пайдаланбаңыз;
  • Жылыту құралдарын қолдану кезінде бүлінген электр сымын қолдануға болмайды;
  • Үйден шығарда барлық электр жылытқыш құралдарды өшіруді ұмытпаңыз;
  • Пеш түтігінен жиһаз, төсекке және басқа да жанғыш заттарды алшақ ұстаңыз;
  • Жылыту маусымының басталуына дейін және жылы беру маусымы кезінде үш айда бір рет мұржаны тазалау керек.

Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз өзіңізді және көршілеріңізді жарылыс пен өрттің туындауынан сақтай аласыз!

З.Шандығалиев,

Құлсары қаласы №2 мемлекеттік өрт сөндіру бөлімінің аға инженері,

азаматтық қызмет аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521