Рұқсатсыз намазхана ашқаны үшін...

Қазақстан Республикасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына сәйкес рұқсат етілмеген жерден өз бетімен намазхана орнын ашуға тыйым салынады.

Бұл ретте міндетті түрде жергілікті атқарушы органның тиісті рұқсаты қажет. Егер ондай заң бұзушылыққа жол берілсе, онда жауапты адам немесе мекеме басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігінің 4-тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Таяуда ауданға қарасты қоғамдық тамақтандыру орнында осындай заңға кереғар дерек анықталды. Яғни, асхананың бір бөлмесін ғибадат орны етіп қайта бейіндеп, белгіленген талапты бұзған.

Жоғарыда көрсетілген заңнаманы бұзып, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз ашылған намазхана орнын аудындық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады. Олар бұл заң бұзушылыққа жол берген адамның үстінен жадығат толтырып, әкімшілік іс көтерді. Іс материалы көп ұзамай сотқа жолданды.

Жақында аудандық соттың қаулысымен аталған азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жоғарыдағы бабымен кінәлі деп танылды. Әкімшілік жаза ретінде қоғамдық тамақтану орнының қызметі 3 ай мерзімге тоқтатылды. Ал асхана иесіне 120 250 теңге айыппұл салынды.

Е.Бисекенұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521