Әр сайлаудан оң өзгеріс күтеміз

Әр сайлаудан соң бүкіл халық болып елімізде жаңашылдық пен өзгерістің орын алатынына үлкен үмітпен қараймыз. Кешегі өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және Мәслихаттарының сайлауынан да күтер жақсылығымыз көп болды.

Жалпы, бұл сайлаудың ерекшелігі көзге бірден көрініп тұрды. Өз-өздерін ұсынған үміткерлердің көп болуы алда елеулі жаңалықтар болатынын аңғартып тұрғандай. Саяси науқан кезінде жас буын өкілі ретінде  өз таңдауымды жасауға мен де бардым. Сол сәтте дауыс берушілердің қарасы қалың болды. Бәрінің жүзінде өзгеріске деген үлкен үміт бар. Өйткені, бәрі де өзі лайық деп тапқан үміткерлерге дауыс беріп, қолдау білдірді емес пе?!

Енді алда депутаттарға артылған жүк ауыр. Олар халықтың мұның мұндап, жоғын жоқтауға әркез дайын тұруы керек. Ауданда шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселе өте көп. Жұмыссыздық, тазалық, жол, жарық, жалпы халыққа ортақ қандай мәселе бар, міне, соларды шешуге ықпал етуге жұмыстану керек. Біз секілді жастардың да жайын назардан тыс қалдырмай жүрсе дейміз.

Бибігүл Төлегенова, дефектолог маман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521