Әр баланың өзіне тән өмірі бар

Өткен аптада ауданымызда бұрын-соңды болмаған ата-аналар жиналысы өтті. Үш күнге созылған семинар «Балалар – болашағымыз» деп аталды. Оны тәжірибелі педагог, коуч-тренер Елжас Ертайұлы жүргізді. Тренер әңгімесін әр қазақтың қанына сіңіп кеткен бір ұғымнан бастады.

- Баламызды жұрттың баласына теңеуді қашан қоямыз? Онсызда «Бәленшенің пәленше деген баласы – пысық, ал біздікі – ұялшақ, ынжық» деген сөздерді өзіміз де кішкентайымыздан тыңдап өстік қой. Енді оны ұрпағымызға айтпай-ақ қояйықшы. Сол үшін осы ұғымнан арылатын кез келген сияқты,-дейді ол. Жалпы адам баласы үшін өзін өзгемен салыстырып, кемсітуден артық қорлық жоқ шығар. Педагог «Баламызды біреудің баласымен теңеу арқылы оны жігерлендіріп жатырмыз» дейтін қазекемдердің үлкен қателік жіберетінін баса айтты.

Одан бала ешқашан жігерленбейтінін, керісінше, басыла беретінін психологиялық тұрғыда түсіндірді. Сондай-ақ әр баланың өзіне тән өмірі бар екенін ұмытпауды ескертті. Баланың арманына балта шабатын сондай ата-аналардың іс-әрекетіне мысал келтірді. – «Мен айттым, бітті!» дейтін шартты қоятындар көп. Олар – өздерінің жас күндерінде қолы жетпеген мақсатын балаларының алдына қоятын жандар.

Сөйтіп, ұл-қызын қаламаған үйірмесіне қатыстырады, мамандықты да өздері таңдайды. Содан бала шатасады, адасады. Алған мамандығы бойынша жұмысты амалсыздан жасайтын бала дамымайды. Ал өзін дамытпайтын ұл елді қалай дамытады?-деген сұрақ тастады көпшілікке.

Толығырақ «Кең Жылой» газетінің №9 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521