Әр балаға берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері артты

1 тамыздағы жағдай бойынша, Атырау облысында 6490 отбасы 1 млрд 900 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алды, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

1 тамыздағы жағдай бойынша, Атырау облысында 6490 отбасы 1 млрд 900 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алды, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Атаулы әлеуметтік көмек бойынша барлығы 36 863 адам төлем алды. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар ғана емес, табысы күнкөріс деңгейінен ең төмен, сонымен қатар, аз қамтылған отбасылар да бар, - дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.

Айта кетейік, 27 ақпанда "Нұр Отан" партиясының съезінде Елбасы көп балалы және аз қамтылған отбасылардағы әрбір балаға атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 21 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырған болатын.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521