Көктемгі тасқын кезінде үйі суға кетіп, бүгінде жаңа баспаналы болған құлсарылықтар да референдумға белсенді қатысуда. Соның бірі - “Достық” ықшамауданының тұрғыны Күләш Мәшенова.
Сайлаушыдан сұхбат алудың сәті түсіп, әңгімеге тартқан едік.
-Бүгінгі сайлау науқанындағы көңіл-күйіңіз қалай?
-Өте жақсы. Еліміздің азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Бұрын дауыс беру үшін өзіміз тұратын ықшамаудандағы 19 мектепке баратынбыз. Қазір 237 сайлау учаскеміз Е.Халықов атындағы мектеп ғимаратында орналасыпты. Барлық жағдай жасалған екен. Емін-еркін дауысымызды бердік.
-Үйіңіз суға кеткен тұрғынның бірісіз. Баспана жайына тоқталсаңыз.
-“Достық” ықшамауданындағы үйіміз суға кетті ғой. Мемлекет тарапынан қаржы беріліп, соған су жаңа үй салып алдық. Қазір бәрі жақсы. Жаңа баспанада тұрып жатырмыз.
-Саяси науқанға қашаннан бері қатысып жүрсіз?
-Бұл менің, осымен, екінші рет дауыс беруім. Тұрғындардың қатысуы жақсы. Жалпы, ауданның әр азаматы осындай науқанға міндетті түрде атсалысу керек деп ойлаймын. Өйткені еліміздің болашағы үшін әр адам өз үлесін қосуы қажет.
П.Қизатова