Qogamdyq Kenistikter жобасы қайта оралды!

Орталық Азияның Еуразия қоры (@efca_kz) «Теңізшевройл» ЖШС қаржылық қолдауымен Жылыой ауданында бағдарламаның қайта жанданғанын хабарлайды.
 
Ақкизтоғай, Шоқпартоғай, Тұрғызба, Жаңа Қаратон, Қосшағыл және Майкөмген ауылдарының тұрғындары жергілікті халықтың өміріне тағы да оң әсер ете алады!
 
Жобаның мақсаты – жергілікті қоғамдық инфрақұрылымды жақсарту үрдісіне қауымдастық белсенділері мен жанашыр азаматтарын тарту арқылы, өз күштерімен өмір сапасын жақсартуға деген тұрғындардың сана сезімі мен жауапкершілігін арттыру.
 
Бес жыл ішінде жоба көмегімен 151 қоғамдық кеңістік нысаны тұрғызылды немесе жаңартылды, бұл 40 000-нан астам жергілікті тұрғындардың қоғамдық кеңістіктерде қолайлы ортада демалуларына жағдай жасады.
 
Әр ауылда “Жобаны басқару және дамыту” тақырыбында тренингтер ұйымдастырылады.
 
Тренингтердің күндері телефон арқылы хабарланады.
 
Өзгерістер командасының бөлігі болып және өз ауылыңызда идеяңызды жүзеге асырғыңыз келе ме?
 
Бізбен мына телефондар арқылы байланысуыңызға болады:
+7701 428 92 60 – Асылай
+7701 333 60 80 – Еркін

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT