Прорвалықтар аққуды қалай құтқарды?

​Прорвалық сала мамандары балапанды бірнеше күн бойы тамақтандырып, күтім жасады.

Вахтадағы мұнайшылардың күнделікті жұмысында қызықты оқиғалар жиі орын алады. Міне, осындай жағдай Прорва кен алаңдары тобында көрініс тапты. Мұндағы Ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысы қызметкерлері өз нысандары аумағында қанаты сынып, ұша алмай қиналып жатқан аққудың балапанын тауып алған. ​Прорвалық сала мамандары балапанды бірнеше күн бойы тамақтандырып, күтім жасады.

Кейін «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ басшылығының рұқсатымен «Каспий самалы» вахталық қалашығына жеткізіп, ембілік жұмысшылар оған жыртқыштардан қорғайтын қоршалған алаң салып берді. ​Вахталық қалашықта 10 күн бойы күтімде болып, балапан едәуір күш жинап, су айдынын сағынғаны анық байқалды. ​Оқиғаның жалғасын «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Қази БИСЕНОВ баяндады:

​- Біз балапанды босату үшін оның бойына күш жинап, толықтай сауыққанын күттік. Дәл сол кезде Қамыскөл өзенінде бір топ аққу жүзіп жүргені туралы бізге ақпарат жетті. Біз аққу балапанын вахталық поселкеден шығарып, өзенге жібердік. Сол кезде балапанның аққуларға асыға жеткен сәтін, қуанышын көрсеңіздер! Жылыойлық мұнайшылар үшін бір жанның өмірін құтқарып қалғанын сезіну – үлкен қуаныш.

Жылыой-ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521