Президенттің Жолдауы елдің дамуына бағытталған маңызды бастамаларды қамтитыны сөзсіз. Дегенмен, кейбір бағыттар нақты уақыт талабына сай әрі халыққа бірден сезіледі деп айту қиын.
Мәселен инвестиция тарту мен инфрақұрылымды дамыту ұзақ мерзімді нәтиже береді, ал әлеуметтік мәселелерді, әсіресе ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуды жылдам шешу қажет.
Су және экология мәселелері халықаралық деңгейде талқыланып жатыр, бірақ өңірдегі нақты іске асырылу қарқыны мен тиімділігіне де көңіл аудару керек. Жалпы, Жолдау жақсы бағыт береді, бірақ оның нақты жүзеге асырылуы мен халыққа тиімділігі маңызды.
Қала тұрғыны
Бауыржан Тоқсанов




