Премьер-министр орынбасары Атыраудағы тасқынға қатысты мәлімдеме жасады

Еліміздің Премьер-министр орынбасары Қанат Бозымбаев Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында атыраулықтардың тасқын кезінде тосылмай, жұмыла жүріп қиындыққа қарсы тұрғанын ерекше атап өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

– Су тасқынынан қорғауға келетінболсақ, мен Атырау облысын бөліпкөрсетер едім, - дейді ол. – Жайықөзенінің бойында су тасқынысалдарынан бірде-бір тұрғын үйді су басқан жоқ. Тек Атыраудың өзіарқылы Каспийден 7,5 миллиардтекше метр су өтті. Егер біз Жайықөзенінің тасуына және Атырауғакіруіне жол берсек, АМӨЗ бен басқа да өндіріс орындары ұзақ уақыт бойы істен шығар еді. Бұл ондағанмиллиард доллар шығын келтірер еді. Штаб бұл мәселеге ерекшеназар аударды, Премьер-министр де мені сол жерге жіберді. МағанАтырау облысының тұрғындары,әсіресе Индер, Махамбет аудандарыөте ұнады. Онда ақсақалдар мен кішкентай балаларға дейінбөгеттерді нығайтуға көмектесті. Алғашқы күндері адамдар өздерібелсенді жұмыс істеді, мемлекеттенкөмек болмайды деп ойлады. Кейін біз Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ТЖжүйесінен көптеген адамдар мен еріктілерді әкелдік. Тасқынның алдын алуға Атырауда 30 мыңнанастам адам және 4000-ға жуықтехника жұмылдырылды. Олар 500шақырымға жуық бөгет салды. 500шақырым бөгет дегенді көз алдыңызға елестете аласыз ба? БұлАстанадан Петропавлға дейінгі аралықпен бірдей ғой. Әрине,кемшіліктер де болды. Әсіресе, Құлсары бойынша. Ең алдымен сауатты болжам қажет болды. Бірақ,өкінішке орай, "Қазгидрометтің"болжау жүйесі айтарлықтайдамымаған Өйткені Ақтөбеоблысының Мұғалжар тауларындаөз бастауын алатын Жем өзенініңбойында гидробекеттер жоқ.Құлсары қаласында 2700-ге жуық үйзардап шекті. Бірақ, тұрғындар біз келгенде аздаған қолда бартехникамен және қол күшіменкөптеген бөгеттер салып тастаған.Түйіндеп айтар болсақ, Атырауоблысы тасқынның алдын алуда жақсы нәтиже көрсетті. 

Айта кетейік, сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден көре аласыз.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT