Прагматизм жастарға аса қажет

Еліміздегі жетекші саяси ұйымы «Nur Otan» партиясының Саяси Кеңесінің отырысында Елбасымыз, ҚР Тұңғыш президенті Н.Назарбаев «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. Бұл маңызды құжат еліміздің рухани дамуына өзінің бағытын береді. Тәуелсіздік, бірлік пен келісім, жер, отбасы мен салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, білім мен еңбек, прагматизм деп 7 түрлі бағытта бөлінген әр тұғырдың идеологиялық мәні зор.


“Әлемде көлемі жағынан 9-шы орын алатын байтақ атырапты еншілеу Жаратқанның халқымызға берген баға жетпес несібесі. Тәуелсіздікті нығайту – экономиканы нығайту. Бұл барша халықтың еңбегімен келеді. Сондықтан жас ұрпақ ел игілігі үшін әрдайым еңбек етуге дайын болуы қажет” екендігін Елбасы атап айтты. Сондықтан бәсекеге қабілетті қоғамда жас бауын өкілдері 7 тұғырды негізге ала отырып, мемлекетті айбынды елге айналдыру жолында тынымсыз еңбек етуі қажет.


Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұратын сақтай отырып, болашақтан өз орнын айқындау. Онда прагматизмнің орны мен рөлі өте жоғары. Прагматизм қазіргі жастар үшін аса қажет және ол бәсекеге қабілетті болудың кілті. Осы тұрғыдан алғанда прагматизм өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Ол – ұлы дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын жайлаған отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту. Шынайы мәдениеттің белгісі орынсыз сән-салтанат емес, ұстамдылық, қанағатшылдық, қарапайымдылық, үнемшілдік пен ресурстарды орынды пайдалану.

“Елімізде жастардың өзін-өзі дамытуына, білімін жетілдіріп, сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндік мол.

Прагматизм принциптері бойынша барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға талпынған жөн. Осылайша, біз Тәуелсіздігімізді баянды етіп, ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт мәдениетін насихаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қойған жасампаз ел боламыз. Елдіктің жеті тұғыры дегеніміз – осы!” деді Елбасы. Болашаққа бағдар болатын Елбасы Үндеуін халқымыздың тең жарымын құрайтын өскелең ұрпақтың санасына сіңіруіміз қажет. ?«Елдіктің жеті тұғырын” тиянақтау мен тұлғаландыру – Тәуелсіздік жылдары бәсекеге қабілетті болып тәрбиеленген жаңа буынға аманат. «Елдіктің жеті тұғыры» – бірлік пен татулықтың, даму мен жасампаздықтың символы, жаңа дәуірдегі қазақстандықтар бағдары.


Партия лидері Н.Назарбаев аталған құжат арқылы Тәуелсіздіктің негізгі жеті тұғырын тайға таңба басқандай анық көрсетіп берді. Ендігі кезекте бүгінгі бағытымыз арқылы ертеңгі күнге үлгі болсын деп ел дамуына үлес қоса берейік!


Перизат ҚИЗАТОВА
Жылыой аудандық мәслихатының депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521