Полиция қызметі халықтың көңілінен шығып жүр ме?

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ұйымдастырумен «Аудандық ішкі істер бөлімінің атқарған жұмыстары туралы есебі және алдағы жоспары» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті.

Оған аудан әкімі Азамат Бекет, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, аудан тұрғындары қатысты. Кездесуді партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласов ашып, жүргізіп отырды. Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Сағын Доржиков биылғы 7 айда жасалған жұмыстары туралы есебін берді. Ол өз сөзінде полиция қызметінде мамандар тапшы екенін, жұмысқа заңгер мамандығы бар жастарды шақырып отырғандығын, жастар Теңіз кенішінде өндірісте жұмыс жасағанды көбірек қалайтынын жеткізді. Аудандық мәслихат депутаты Талғат Майлыбаев кадр мәселесін шешу бағытында қандай жұмыстар жасалып жатқанын сұрады. Бұл сауалға аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Әлия Жылгелдиева жауап берді.

Оның айтуынша, биыл 6 жас маман қызметке алынған, 3 қызметкер оқуын бітіріп келген. Жаңа Қаратон тұрғыны Оразғали Молдашев ауданда наркологиялық диспансер неге ашылмайтынын сұрады. Бұл сауалға аудандық емхана директоры Нұрбек Үкібаев түсінік беріп өтті. Сонымен қатар, қаладағы 1 және 3-ықшамаудан жастарының арасында жиі төбелес болатыны айтылды. С.Доржиков бұл бағытта шаралары алынып, арнайы топ жұмыс жасап жатқанын жасырмады. Ауыл тұрғындарының бірі мал ұрлығына қатысты мәселе көтерді. Оның айтуынша, ұрыларды өзі анықтап, құзырлы орындарға жазып берген көрінеді. Аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Серікқали Тасқалиев аталған мал ұрлығына орай күдікті адамдар анықталмағандықтан, іс тоқтатылғанын айтты.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521