Полицей болғыңыз келсе...

Аудандық ішкі істер бөлімінің кадр жұмысы тобының хабарлауынша, күні бүгін бөлімнің кіші басшы құрамына орналасу үшін жұмыс орындары бос тұр.

 

Онда тәртіп сақшысы боламын деген 35 жасқа дейінгі азаматтарға есік ашық. Ол үшін орта немесе орта-техникалық білімі бар, Қарулы Күштер қатарында азаматтық борышын өтеген, «В» және «С» категориялы жүргізушілік куәлігі болуы керек. Сонымен қатар орта басшы құрамдағы лауазымдар үшін де мамандар қажет. Оған жас мөлшері 35-тен жоғары емес, жоғары заңгерлік білімі бар азаматтар қабылданады. Бұл ретте спорттық және жауынгерлік күрес пен атыс түрлерінен спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер, спорттық біліктілік разряды болса, тіпті жақсы.

Ішкі істер бөліміне аталған лауазымдар бойынша қызметке орналасуға ниет білдірген жастар Құлсары қаласы, Ә. Дүйсенбеков көшесі - №54 үйде орналасқан ішкі істер бөлімінің кадр жұмысы тобына немесе 8(71237) 5-16-54 телефонына хабарласуына болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521