Пікірталас сайысы жастардың білімін шыңдайды

Елбасы Жолдауында айтылғандай, 2019 жыл – Жастар жылы болып жарияланды. Жақында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы аясында партияның аудандық филиалы және «Кең Жылыой» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен пікірталас сайысы өтті.

Жастардың тіл байлығын, бойындағы шешендік өнерді, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, өз ойын ашық, мәдениетті, нақты жеткізе білетін азаматтарды даярлау мақсатында өткізілген сайысқа 4 команда қатысты.

Атап айтқанда, Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінен «Жастар», «Мед-Профи» колледжінен «Мед-Профи», №1 жалпы орта білім беретін мектептен «Болашақ», №7 мектептен «Өрімтал» топтары өзара сайысқа түсті. «Жастар арасындағы жалған патриотизм», «Жастардың қоғамға тигізер пайдасы зор» және тағы да басқа тақырыптарда сайысқа қатысушылар өз пікірлерін білдірді. Сайыс қорытындысы бойынша барлық топтарға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Сайысқа қатысушылар арасынан оза шауып, өз ойын нақты жеткізген Жұлдыз Айтбаева «Үздік спикер» атанып, ұйымдастырушылардың арнайы жүлдесіне ие болды.

Жүлдені партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Таласов табыс етті.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521