Пештің пайдасы да, зияны да бар

Күз келіп, ауа райының суытуына байланысты тұрғын үйлерде өрт қаупі де арта түседі. Өйткені өптеген пәтер иелері жылыту пештерін пайдаланады. Ал тілсіз жау азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы салдарынан болып жатады. Сондықтан аудан тұрғындары мен қонақтары үйде жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы қажет. Себебі, пештердің дұрыс салынбауы мен оларды қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережесін сақтамаудан өрт шығады.

«Жаман айтпай, жақсы жоқ», өрт кез келген үйде болуы мүмкін. Бірақ бірінші мезетте өрт қауіпсіздік ережелері күнделікті бұзылатын жерде бой көтеруі ықтимал. Ал оны алдын алудың жолы - өрт қауіпсіздігінің бірнеше ережесін есте ұстау: Жанғыш материалдан жасалған қабырға мен аралық ойығында орнатылған пеш пен құбыр аралығын пештің немесе түтін құбырының бүкіл биіктігі шегінде қарастыру қажет.

Бұл ретте аралық қалыңдығын сол қабырғаға аралық қалқа қалыңдығынан кем етпей қабылдау қажет; Пайдалану кезінде: түтін шығарғыш пен пешті от жағу мерзімі басталарда, сондай-ақ барлық жылу беру маусымы кезінде үш айда бір немесе бірнеше рет күлден тазарту қажет. Шатырда түтін каналдары өтетін барлық құбырлар мен қабырғалар ағартылуы керек.

Тыйым салынады:

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ, оны қадағалауды кішкене балаларға тапсыруға;

- пештің алдына отынды, басқа жанғыш заттар мен материалдарды қоюға;

- пешті жандыруға бензин, керосин, дизельді отын және басқа да жанар жағармайды қолдануға болмайды.
Ә.Серіков,

аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері,

азаматтық қорғау аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT