Перзентханадағы қуаныш

Отбасы –шағын мемлекет

Мен - президент, сен - премьер, - деп ақын Қасым Аманжолов жырлағандай, әр шаңырақ - ұлтымыздың құндылықтарын сақтаушы ұяшық.

Сондықтан әрбір үйдің берекесі еліміз үшін маңызды. Ал отағасы мен отанасының қоғамымыздың алдындағы жауапкершілігі орасан. Өйткені халық айтқандай, ата-ана «атаның» баласын ғана емес, «адамның баласын» да тәрбиелеуге керек. Міне, мемлекетіміздің кез келген азаматы отбасы рөлін жете түсініп һәм дәріптеуі үшін Елбасымыздың бастамасымен Отбасы күні белгіленді. Бұл күн Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер тізіліміне 2013 жылы енді. Содан бері қыркүйектің екінші жексенбісінде еліміздің түкпір-түкпірінде отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылып, үлгілі шаңырақтар марапатталып келеді. Шарада аман-есен қол-аяғын бауырына алып, сәбиін құшағына қысқан аналарды, алдымен, перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі, аудандық мәслихат депутаты Сәуле Мамбетова осындай қуанышпен еселенген Отбасы күнімен құттықтап, әрқайсысына бөлім атынан сый-сияпат табыстады.

Оның айтуынша, аудан бойынша жылына 2500-дей перзент туса, оның 1800-дейінің кіндік қаны осы перзентханада тамады екен. Бұл дегеніңіз - айына азы 140, көбі 160-тай сәби жылыойлықтардың қатарына қосылады деген сөз, яғни тәулігіне 5 торсық шеке туып, шаңырағын шаттыққа бөлейді. Жыл басынан осы уақытқа дейін 1200 нәресте шыр етіп дүниеге есігін ашыпты. Осылардың ішінде 6 егіз кездескен. Бөлімше меңгерушісі, сондай-ақ, қазір перзентхана заманауи әдіске сай ұрпақ әкелу және оны күтіп-баптауда дәрі-дәрмектерден қашып, мейлінше табиғи процестерге жүгінетіндерін айтты. Бұлар шетелден алынған әдіс-тәсілдер болғанмен, өзімізге қайта айналып келіп жатқан ұлтымыздың байырғы ғұрыптары екенін де тілге тиек етті. С.Мұратқызы.

(Толық нұсқасын «Кең Жылой» газетінің №37 санынан оқи аласыздар)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521