Партия үгіт-насихат жұмыстарын абыроймен атқарды

Үгіт-насихаттың соңғы үшінші кезеңі де аяқталды.

Үгіт-насихаттың соңғы үшінші кезеңі де аяқталды. Осыған орай "Nur Otan" партиясының аудандық филиалында сайлауалды штабының жабылу рәсімі өтті.

0801

- Үгіт-насихаттың алғашқы толқынында 21 шара, екінші толқынында 19 шара және үшінші толқынында 22 шара өз дәрежесінде өткізілді. Бір айға созылған науқанды қорытындылайтын уақыт келді. 29 үміткерден құралған штаб мүшелері бекітілген жоспар бойынша қоғамдық қабылдау, канвассинг, кездесулер мен брошюраларды тарату жұмыстарын жүзеге асырды. "Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!" деген ұранмен үгіт-насихат жұмыстарын  жүргізген нұротандықтар белсенділік танытып, жүктелген міндеттемелерін абыроймен атқарып шықты. Жұмыстың қарқынды жүргізілгеніне облыстан келген жұмысшы топтар да оң баға берді, - дейді "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының сайлауалды штабының басшысы, мәслихат хатшысы Сайлаубай Таласов.

0801202

 Биылғы партияның сайлауалды бағдарламасы әр ауданның ерекшеліктерін ескере отырып дайындалған еді. Бағдарлама дайындалмас бұрын осыған дейін өткізілген праймериз кезінде жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлері ескерілді. Осыдан бағдарламаның жан-жақты талқыланып, елеп-екшеліп әзірленгендігі анық байқалады.

 Ж.Әбдікәрімова

"Nur Otan" партиясының Атырау облысы Жылыой ауданы

сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521