Отпен ойнап, опық жеме!!!

Отпен ойнап, опық жеме!!!
Фото: ашық дерек көзінен алынды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудандағы түрлі ғимараттар мен үйлерде мерекелік іс-шаралар өтетіндігі белгілі. Әсіресе жастар жағы пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тырысады. Ал бұл өз кезегінде адамның өмірі мен денсалығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан төтенше жағдайлар бөлімі аудан аумағында көпшілік шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады!!!

Ғимараттар мен құрылыстарда жаппай болатын іс-шараларды, мәселен, демалыс кештерін, дискотекаларды, жаңажылдық қойылымдарды өткізуге өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адам қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін алдын ала қарап, тексергеннен кейін ғана жол берілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен сапа сертификаттары жоқ пиротехникалық бұйымдарды еркiн сауда жасауға тыйым салған немесе шектелген тауарлармен, өзге де заттарды сатуға болмайды. Ол үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-тің «Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» деп аталатын 196-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Аталған бапқа сәйкес жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.

Сондай-ақ, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, белгіленбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолданса ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабымен де әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі әкімшілік сот құзыретіне жатады.

Негізінен, от шашуларды арнайы рұқсат етілген, мамандандырылған дүкендерден сатып алу қажет. Пиротехникалық өнімдерді сату, оқыс жағдай орын алған жағдайда адамдарды құтқаруға кедергі келтірмеуі тиіс. Әсіресе оны кәмелетке толмаған жасөспірімдерге сатуға тыйым салынады.

Жалпы жаңажылдық мереке қарсаңында төмедегідей сақтық шараларын қатаң ұстаған абзал. Адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде:

1) кемінде екі эвакуациялау жолымен қамтамасыз етілген және жанғыш қалқалары бар ғимараттарда екінші қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайлар ғана пайдаланылады;

2) жаңа жылдық шыршалар мықты негізде орнатылады, олармен үй-жайдан шығатын жолдарды бітеуге жол берілмейді;

3) шырша бұтақтары қабырғалар мен төбеден кемінде 1 метр қашықтықта орналасуы тиіс;

4) үй-жайда электрмен жарықтандыру болмаған жағдайда шырша жанындағы мерекелік іс-шаралар тәуліктің жарық уақытында ғана өткізілуі тиіс;

5) иллюминацияда ақау табылған кезде (сымдардың қызуы, шамдардың жыпылықтауы, ұшқындау) ол дереу тоқтан ажыратылуы тиіс;

6) іс-шараларды өткізу кезінде сахнада және зал, үй-жайларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың, өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылуы керек.

Іс-шаралар өткізілетін үй-жайларда, ғимараттарда бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет. Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарда әр қабатта кемінде екі өрт сөндіру құралдары орналастырылуы тиіс. Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде мынадай әрекетке жол берілмеуі тиіс:

1) салюттарды ғимараттар мен құрылыстардан 50 метр жақын жерде теректер мен шатыр астында қолдануға;

2) оларды желді ауа райында қолдануға.

Қобылан Кенжебеков, аудандық төтенше жағдайлар

бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT