Өткелі тұрған жыл өрнектері

«Мәдениет - ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші - зиялы қауым. Себебі, әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс — тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады»,- деген болатын Елбасы.

Қазіргі таңда Құлсары қаласында аудандық, Қосшағылда бір ауылдық мәдениет үйі қызмет етсе, жалпы бір аудандық, үш қалалық, бір балалар және 6 ауылдық кітапханалар жұмыс жасайды.
Жылыой өңірі - өнер мен мәдениеттің ордасы. Ауданның абыройын асырып, облыстық, республикалық байқауларға, шараларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген өнерпаздар аз емес.

Айталық, Алаштың төкпе ақыны, Атыраудың ақтангері, Құлсарының бел баласы болған Салауат Исахаевтың ұлы Ернұр Салауатұлы «Хабар» агенттігінің ұйымдастырған республикалық «AITYSTAR» тележобасының жеңімпазы атанды. Жылыойлық Қайрат Жұмағалиев Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақстанның Халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, профессор, күйші-композитор, лирикалық әндердің авторы Тұяқберді Шәмеловтың 70 жылдығына арналған Орал қаласында өткен I республикалық әншілер мен домбырашылар арасындағы конкурста лауреат атанып бас жүлдені қанжығасына байласа, Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткен күйші, композитор Сейтек Оразалыұлының "Күй құдіреті" республикалық домбырашылар байқауында және Махамбет ауданында Қаршыға Ахмедьяровтың "Қазақ Қаршығасы" атты облыстық күйшілер байқауларында да I орындарды жеңіп алды. Ал Қазақстанның Халық әртісі, профессор, «Парасат» орденінің иегері, дәулескер күйші Рысбай Ғабдиевтің 85 жылдығына арналған «Күй қағаны» II республикалық күйшілер байқауынан жүлделі II орын алды. №3 қалалық кітапхана меңгерушісі Сәуле Шанаева "Әжемнің ертегісі" облыстық онлайн байқауында жүлделі I-орынға, «Шынайы шымылдық» халықтық театрлары мен драма үйірмелерінің облыстық онлайн фестивалі байқауынан Жылыойдың «Жастар театры» жүлделі II-орынды иеленді. Ұлтымыздың салт-дәстүрін дәріптеу және оның тәрбиелік маңызын арттыру мақсатында өткен «Үкілі домбыра» облыстық байқауында аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Дархан Сәдуов 7 ауданның арасынан суырылып шығып, бас жүлдемен оралды. Құрманғазы ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен «Мақтанышым сенсің, Тәуелсіз атамекен» атты Батыс аймақтық ақындар айтысында жылыойлық ақын Сырымбек Сарсембаев III орынды иеленді. Мерекеге орай ұйымдастырылған «Мемлекеттік қызмет білімнен емес, мінезден» атты облыстық пікір-талас байқауынан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімнің бас маманы Әлібек Науаров және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гауһар Ахметова II орынмен оралды.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Үміт Кенжина Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен тағайындалған “Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл” медалімен, аудандық орталық кітапхана ардагерлері Алтын Бегеева мен Мағзия Қартанова, кітапхана есепшісі Марзия Қосбаевалар «Еңбек даңқы» төсбелгісімен наградталса, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында №3 қалалық кітапхана меңгерушісі Сауле Шанаева Құрмет граммотамен марапатталды.

Ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету, адалдықты дәріптеу мақсатында аудандық орталық кітапхана ғимаратында «Парасат жолы» өңірлік орталығы ашылып, дөңгелек үстел, пікір алмасу шаралары ұйымдастырылды.Мемлекеттік қызметшілер арасында кітап оқу мәдениетін қайта жаңғырту, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, мемлекеттік қызметшілердің уақытын тиімді пайдалынуын үйлестіру мақсатында «Көшпелі кітапхана» акциясы өткізілді. Ол аудан әкімдігі тарапынан ерекше қолдау тауып, мемлекеттік қызметкерлерге қызмет көрсетті.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда Алғыс айту күніне «Алғыс айту – парызым!» атты концерті, «Туған елге мың алғыс» атты эстафета-челенджі, Халықаралық әйелдер күніне «Ана – өмір, ана – жыр» мерекелік концерті, Наурыз мерекесіне «Амал келді, Жыл келді» атты театрландырылған – хореграфиялық мәдени – көпшілік, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен «Көрісу фест», «Әз Наурыз – ұлттық сананың, ұлттық бірліктің жарқын көрінісі» атты мәдени шарасы, «Бақ – мереке, құт – береке Әз – Наурыз» атты театрландырылған- хореграфиялық мәдени-көпшілік шарасы өтті. Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ер есімі – ел есінде», «Бабалар аманаты Ұлы Жеңіс», Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Өнер – өмір өрнегі», «Мәдениетім - мерейім» атты мерекелік концерті; ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер–ұлттық мәртебеміз», «Мен–Қазақстанның патриотымын!» , Халықаралық әкелер күніне арналған «Әке деген ұлы есім», «Әке – отбасының тірегі» секілді көптеген шаралар ұйымдастырылды. Мұндай мерекелік шара, ұлттық домбыра, Халықаралық Жастар, Қазақстан Республикасы Тілдері күні, отбасы күні, Халықаралық қарттар күнінде де жалғасын тапты. Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы күні – елдікке құрмет» атты ұлттық және ресми іс-шаралар өткізілді.

Жас таланттардың шығармаларын халық арасында насихаттау мақсатында «Жыр жұлдызын жандырып» атты жас ақындардың поэзия кеші, «Жыр жүрегі соғады» атты ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған әдеби – сазды кеші, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық Поэзия фестивальдарының дипломанты Бүркіт Базарбаевтың «Шылбыр қылып шындықты өлең есем» атты сыр – сұхбат кеші өтті. Халықаралық театр күніне Ә.Тәжібаевтың «Той боларда» атты комедиялық қойылымының бейне түсірілімі көрсетіліп, «Жастар» халықтық театры Қалихан Ысқақовтың «Мезгілсіз сөнген жұлдыздар» драма трагедиясының премьерасын қойып, Жұмекен Нәжімеденов атындағы аудандық «Қоңыр жырым бар еді» атты көркемсөз оқу шеберлерінің поэзия кешін ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Құлсары қаласының 20 жылдығына орай көптеген шаралар ұйымдастырылды. «Жайнаған Құлсары» атты мерекелік концерті, «Қолөнер – мол өнер» атты қолөнер шеберлерінің аудандық фестивалі өтті. 7 қазан күні “Кең Жылыой” мәдениет үйінде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен “Тұлпар мініп, ту алған” облыстық ақындар айтысы тұсауын кесті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Суретшілер және дизайнерлер Одақтарының мүшесі, мүсінші Серік Матениязов пен суретші, ұстаз Ляззат Мамырованың “Арманым көп алғы күнге жетелер” атты отбасылық көрмесі, «Жем аруы» халықтық би ансамблінің 35 жылдығына, «Би – би» үлгілі би ансамблінің 20 жылдығына арналған «Би – өрнек» атты, республикалық конкурстардың лауреаты, күйші Қайрат Жұмағалиевтың «Күй – құдірет, күй – кие!» атты жеке шығармашылық кештері өткізілді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Тілді сүю – талбесіктен» шарасы, «Тіл шебері» үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы аудандық байқауы, «Текті сөздің төресі – Терме» аудандық жыршы – термешілер байқауы, Түрлі этнос жастары арасындағы «Абай оқулары» аудандық байқауы және басқа да шаралар жүзеге асты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында “Кең Жылыой” аудандық мәдениет үйінің жанындағы жылжымалы клубы жас ұрпақтың, халықтың өнерге деген құрметі мен қызығушылығын арттыру мақсатында ауыл-ауылдарды аралап “Тұғыры биік Тәуелсіздік” атты аудан өнерпаздарының көшпелі мәдени шарасын ұйымдастырды.

Ұлы тарихи тұлғалардың шығармаларын, белгілі жазушылар мен өнер зерттеушілерінің өмір жолын, қазақ әдебиетін насихаттау мақсатында аудандық және қалалық, ауылдық кітапханаларда да көптеген іс-шаралар жүзеге асты. Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай, академик Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына 100 жыл, Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына Илья Жақановтың 85 жылдығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, қарымды қаламгер С. Мұратбековтың 85 жылдығына орай өткен әдеби-сазды кештер – соның айғағы. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында аудандық орталық кітапханада оқырман назарына ҚР Мемлекеттік сыйлығының, М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, жазушы Дүкенбай Досжанның «Өмір арбасы» атты шығармасы оқуға ұсынылып, проза бөлімінен Тобық Жармағамбетовтың «Отамалы» кітабынан виртуалды кітап беташары, Ұлықбек Есдәулет шығармашылығынан «Ақын деген бір ұлт бар» атты поэзия сағаты және басқа да шаралар өтті. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуына орай ордалы елге 30 кітап оқуға ұсынылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521