«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»

Өткен сәуір айының 20-сы мен маусымның 20-сы аралығында Ішкі істер министрлігінің бастамасымен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен бүкіл ел аумағында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты ауқымды акциясы өткізілуде. Ауқымды акциядан ауданның полиция бөлімі де қалыс қалған жоқ. Өңірдің құқық қорғаушылары осы челленджді жарыса жалғап, ізгілік тізбегін алға тартты.

Нақтырақ айтқанда, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры Рысты Мұқанованың қатысуымен Құлсары қаласындағы С.Өтебаев атындағы мұнай және газ технологиялық колледжінде "Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" тақырыбында арнайы тренинг өткізілді. Онда кейбір отбасында орын алып жататын зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Челлендж 20 маусымда ел жүрегі – Астана қаласында аяқталады.

- Біз бұл үнімізбен барлық қоғамды зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікке және әр отбасын бейбітшілікке шақырамыз. Әр аймақ, әр дауыс, әр оқиға – осы үлкен республикалық толқынның бір бөлігі. Бірге мықты, қамқор және қауіпсіз мемлекет құрайық!-делінген онда.

Өңірдегі зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары жалғыз мұнымен шектелмейді. Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Ж.Молдабаеваның ұйымдастыруымен Құлсары қаласындағы Отбасын қолдау орталығының заңгер, психолог мамандарымен бірлескен шара ұйымдастырылды. Онда жанұяда жанжал шығарып, соның кесірінен әкімшілік қамаққа алынған азаматтармен кездесу өткізілді. Оларға құқықтық және әлеуметтік көмек, жұмысқа орналастыру бағытындағы және отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы заңдылық нормалары түсіндірілді.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT