Отбасылық құндылықты нығайту – басты міндет

Құрылтайда Мемлекет басшысы көптеген тың ойларды қозғап өтті. Соның бірі - ғасырлар бойы ата-бабамыз сақтап келген отбасылық құндылықтар туралы сөз болды.

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда қоғамда отбасылық зорлық-зомбылық белең алып тұр. Біз соның алдын алуымыз керек. Сонда ғана психикалық салауатты ұрпақ қалыптастыра аламыз. Себебі, бала ата-анасына қарап өседі. Ал, үйінде мейірім көрмеген бала, қоғамға пайда келтіруі екіталай. Осы орайда ел Президенті:

-Біз дәстүрлі отбасы құндылықтарын табанды түрде орнықтыра беруіміз қажет. Ислам қағидаларын өрескел бұрмалап, қатып қалған догма ретінде қабылдайтын отбасылардағы әйелдерді кемсіту, тіпті қорлау фактілеріне ерекше назар аударған жөн. Мұндай отбасылардың тұрмыс-тіршілігі ғылым мен техниканың жетістіктеріне толы XXI ғасырдың өмір салтына мүлде үйлеспейтін сорақы тыйымдар мен тәртіптерге негізделген. Кейбір адамдар әдейі кері кетуді қалап, орта ғасырларға тән ескі таным-түсінік пен іс-әрекетке бой ұратын сияқты көрінеді»,- деді.

Біз мектепте оқушылармен жұмыс жасағаннан кейін көптеген жағдайды көзімізбен көреміз. Үйдегі жанжал балаларға қатты әсер ететін байқадық. Ондай оқушылар көбіне қоғамдық өмірден алшақтап, ынжық болып келеді. Сол себепті, қазіргі таңда отбасылық құндылықты нығайтуымыз керек. «Отан – отбасынан басталады» дегендей, мемлекеттің өркендеуі үшін, ең алдымен, «шағын мемлекеттердегі» балалар бақытты ғұмыр кешуі тиіс. Жастар сол уақытта білімге құштар болып, еліміздің болашағы да жарқын болмақ. Білімді жастар – ел болашағы.

Айнаш Байғабылова,

№1 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521