Жылыой ауданының орталық көше жолдарында пилоттық жобалар бойынша билбордтар орнатылды.
Бұл туралы Жылыой аудандық соты баспасөз қызметі хабарлады.
-"Отбасылық сот" пилоттық жобасын жүзеге асыру кезінде жасақталған меморандумда отбасы құндылықтарын, отбасындағы татулықты нығайтатын, дауды сотқа дейін және сотта татуласумен шешуге шақыратын билбордты орнату жұмыстарын жүргізу көзделген болатын. Аталған меморандумға сәйкес Жылыой ауданы әкімімен және ішкі саясат бөлім басшысымен бірлесіп, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын, ажыраспауға, дауды сотқа дейін және сотта татуласумен шешуге шақыратын қаланың орталық көшесіне билборд орнатылды. Отбасылық сот пилоттық жобасының мақсаты қоғамда некені бұзылмауын, яғни отбасының тұтастығын сақтау болып табылады.
"Түнгі сот" пилоттық жобасын насихаттау мақсатында орталық жол жиектері бойында арнайы билборд орнатылды. 18:30-дан 22:00-де дейінгі уақытта жол көлік оқиғасы орын алса, "Түнгі сот" пилоттық жобасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тараптардың жұмыс уақытынан бөлек, яғни кешкі мезгілде шешу арқылы олардың уақытын үнемдеу, залалды (сақтандыру төлемдерін) қысқа мерзімде өндіру мүмкіндігі бар.