Қосшағылда жаңа мешіттің іргетасы қаланды

Қосшағыл ауылдық округінде 400 орындық жаңа мешіт құрылысының іргетасы қаланды. Мешіттің іргетасын қалауға аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров пен облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысты.


-Мәуліт мерекесі қарсаңында Қосшағыл ауылдық округінде ескі мешіт бұзылып, орнына жаңадан мешіт бой көтеріп, іргетасы қаланып отыр. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы мешіт құрылысы 1995 жылы басталып, 1998 жылы 30 қазанда ашылған еді. Жаңа мешіт имандылықтың темір қазығына айналып, дәстүрлі дінімізді насихаттап, халқымыздың рухани құндылығын нығайтуға қызмет ететіндігіне сенемін. Шарапаты мол Мәуліт мерекесі құтты болсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болғай! -деді аудан әкімінің орынбасары Ә.Шәкіров.


Айта кетейік, дәл сол күні Жаңа Қаратон кентіндегі “Нұрқас Сатыбалды” мешіті жанынан неке қию орталығы ашылды.


Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521