Қосшағылда қордаланған мәселе көп

Аудан әкімі Жұмабек Қаражанов Қосшағыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге округ әкімі С.Баселов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, құқық қорғау орган өкілдері және коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер дербес басшылары қатысты.

Алдымен аудан әкімі Ж.Қаражанов ауылдағы өзекті мәселелерді атап өтіп, олардың жүзеге асуына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, ауыл әкімі С.Баселовке және аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Е.Аққұсовқа Қосшағыл ауылдық округіндегі НПС, Вокзал және 3 ауылдардағы электр жабдықтардың жаңғырту жобасы бойынша жасалатын жұмыстарды қатаң бақылауға алып, мердігер мекеме «БейнеуГаз» ЖШС-іне жұмыстарды уақытылы аяқтауды тапсырды.
Ауыл тұрғыны А.Иманғалиев зейнеткер жұмыссыздық мәселесін қозғады және ауылдағы емхананың көлігі ескіргенін айтты. Аудан әкіміне көлік алып беруге көмектесуді сұрады.
Сонымен қатар азық-түліктің қымбаттауын да алға тартты. Осы мәселені қадағалайтын ұйым бар ма деп сұрады. Аудан әкімі бұл сұрақтарға тиісті жауап берді.
Тұрғын Г.Шәнел, жеке кәсіпкер. Ауданның жүйесін ауыстыру керек дейді. Ол тазалық мәселесі мен «Қазақтелеком»-ның жұмысы нашар деді. Себебі ауылда кейбір жерде интернет желісі ұстамайды екен. Оған «Қазақтелеком» басшысы М.Жакиев:«Сол жерді барып, көріп егер жөндеу жұмыстары жүргізілетін болса, жасап береміз», - деді.
Имам Т.Айдарбекұлы мешіттің жұмысы алға жүріп тұр дейді. Ол жұмыссыздық мәселесін көтерді. «ТШО» ЖШС жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтыса деді. Оған жауап берген аудан әкімінің орынбасары Ә.Шәкіров жұмыссыз адам жұмыспен қамту орталығына тіркелу керектігін айтты. Сол жерден егер жұмыс беруші сол маманды қажет етсе, жұмысқа шақырады. Қазір барлық ақпарат еnbek.kz сайтына жарияланатынын жеткізді.
Тұрғындар жарыс сөз кезінде өздерін толғандырып жүрген мəселелерін: тазалық, жарық, ауыз су мәселесі барын көтерді.
Ауыл тұрғындары тағайындалған аудан әкімінің жұмысына сәттілік тіледі.
Facebook (Қосшағыл әкімі аппараты) және Instagram (qosshagyl_akimi_apparaty) әлеуметтік парақшасына түскен ауыл тұрғындарының сұрақтары да оқылып, оларға жауабы берілді.
Кездесуден кейін аудан әкімі Ж.Қаражанов ауыл тұрғындарын жеке мәселерімен қабылдады.

Ж.ШАҢҚАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521