Қосшағыл және Қара Арна округтері әкімдері сайланды

Учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі

ХАБАР

2021 жылғы 25 шілдеде Жылыой ауданының екі сайлау округі бойынша округ әкімдерінің сайлауы өтті. Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9 тармақшасы, 44 бабының 2 тармағы, 45 бабы, 113-10 баптарына сәйкес, Жылыой ауданы ауылдық округтер әкімдері сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:

Қосшағыл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Қосшағыл сайлау округі: Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2607 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 2072 Жарамсыз бюллетеньдер саны 5, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгіленгендер саны - 7.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: С.Ж.Баселовқа - 1476; Қ.Н.Жұмановаға - 390; І.С.Таубаеваға-194.

Қосшағыл ауылдық округінің әкімі болып Баселов Саян Жұмабекұлы, 1989 жылы туған, Қосшағыл ауылдық округінің әкімі, Қосшағыл ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясымен ұсынған сайланды.

Қара Арна ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Қара Арна сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1749 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 1445. Жарамсыз бюллетеньдер саны 7, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгіленгендер саны - 19.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Е.Қ.Елеусиновқа - 832; Ж.Б.Иманбаевқа - 219; З.Т.Нұрғазиеваға- 368.

Қара Арна ауылдық округінің әкімі болып Елеусинов Ерболат Құлхайұлы, 1961 жылы туған, Қара Арна ауылдық округінің әкімі, Шоқпартоғай ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясымен ұсынған сайланды.

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45 бабына сәйкес, 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған әкімдерді тіркеді.

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521