Қос капитан халықты қос қауіптен сақтандырды

Арты орны толмас материалдық шығынға душар еткенде сан соғады.

Отбасының әрбір мүшесі өз үйінде, негізінен, екі нәрседен қауіптенуі тиіс. Ол – тұрғын үйдегі өрт пен газ иісінен уланудан. 

Жасыратыны жоқ, тұрғындар арасында көгілдір отынды тұтыну кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай бермейтін жандар бар. Соның кесірінен аудан аумағында газ иісіне уланып қалушылар кездесіп тұрады. Абырой болғанда, биылғы жылыту маусымында адам өліміне жол берілген жоқ. Одан кейін өртке де көп жағдайда немқұрайлы қарайды. Тек тілсіз жау бой көтеріп, лап бергенде ғана әбігерге түсіп жатады. Арты орны толмас материалдық шығынға душар еткенде сан соғады. Бәрінен де бұрын өрт балалардың өмірі мен денсаулығына зор қатер төндіреді. Өйткені көп ретте ата-ана жұмыста жүргенде үйде қалатын - балалар. Сондықтан «Сақтансаң –сақтармын» дегендей, өрт қауіпсіздігі ережесін, ең алдымен, ересектер қатаң есте ұстап, ел ертеңінің санасына тоқуы керек.

Таяуда Жаңа Қаратон кентінің әкімдігінде кент аппаратының бас маманы Сара Исақанованың ұйымдастыруымен өткен «Жылыту маусымы кезінде тұрғын үй секторында өрт оқиғасы мен табиғи газдың алдын алу» бағытында өткен профилактикалық іс-шара осы мақсатты көздеді. Оған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Қ.Кенжебеков пен №2 мемлекеттік өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары, капитан М.Мұқанғалиевтер арнайы шақырылды. Олармен кездесіп, түсінік алу үшін кенттегі мекеме қызметкерлері мен тұрғындар да келіп қатысты.

-Улы газ – ол иіссіз газ. Сондықтан оны бірден байқай алмайсыз. Егер сіз газға улансаңыз, онда көз көру нашарлап, есту төмендейді. Маңдай аймағы жеңіл ауырсынып, бас айнала бастайды да, жүрек соғысы баяулайды. Жүрек айнып құсып, құлақ ішіне шу пайда болады, ойлау қабілеті жойыла бастайды. Сондықтан сол бойда алғашқы медициналық көмек жедел көрсетілсе, адам аман қалады, - деді азаматтық қорғау капитаны Қ.Кенжебеков.

t

Ал М.Мұқанғалиев өрт болған жағдайда өрт сөндіру құралдарын пайдаланудың жолдары туралы түсінік берді. Өрт қауіпсіздігі ережесін ұғындыратын буклеттер таратылды. Әрине, жиынға қатысушылар тақырыпқа байланысты сауалдар қойды. Оған қос капитан тұшымды жауап берді.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521