Орталық көшені жөндеу жұмыстары күзде басталады

ken-zhyloi.kz

Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Орталық Махамбет даңғылының көлік жолдарын қайта қалыпқа келтіру мақсатында жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Жоба шеңберінде Махамбет даңғылының 2, 24 шақырым жолы тротуармен бірге 2 кезеңге бөлініп қайта жаңғыртылатын болады. Жоба сараптаманың оң қорытындысы алынып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге заңнамалық тәртіпке сай алдымыздағы мәслихат сессиясына бюджеттік өтінімдер жолданып, облыстық мәслихат сессиясында мақұлданды.

Махамбет даңғылы бойынша көлік жолдарының құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айларында бастау жоспарлануда. Сондай-ақ, Жаңа Қаратон кентіне жалпы ұзындығы 33,4 шақырым автомобиль жолын тротуармен бірге жүргізу жобасына қаражат бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу талаптарына сәйкес мердігер мекемені анықтау бойынша конкурс жарияланды. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың тамыз айында бастау жоспарланды.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521