Орталық “Иманғали” мешітінде мұқтаж отбасыларға ет үлестірілді

Әр өңірде “Қайырымдылық керуені” жобасы жалғасуда.

-Қайырымдылық шараларының Атыраудың орталық мешітінде апта сайын өткізіліп отырғандығын атап өткеніміз жөн. Бұл жолы мешітте тағы да жиырма отбасы етпен қамтылды,- деп хабарлайды amin.kz

“Мешіттеріміз қазіргі күрделі жағдайға қарамастан, қайырымдылық шараларын тоқтатпауда. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, осылайша, әр өңірде “Қайырымдылық керуені” жобасы жалғасуда. Бұл жолы мешітке арнайы садақа ретінде әкелінген мал етін мұқтаж отбасыларға таратып отырмыз. Олардың арасында әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы отбасылар бар. Алла ниеттерімізді сауаптан жазсын” дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521