Орталық базарда жаңа ғимарат

Жылыой ауданының 90 жылдық мерекесі қарсаңында «Беркад» орталық базарының жаңа ғимараты ашылды.

Жаңа сауда орталығының ашылу салтанатына қала әкімі Шәкір Кейкин, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қанат Мыңбаев және жеке кәсіпкерлер мен тұрғындар қатысты.

-Құлсары қаласы жылдан-жылға сәулеті жарасқан ғимараттармен толығуда. Қала орталығында орналасқан «Беркад» базарының жаңа ғимараты да олардың қатарын толықтырып отыр. Бұл нысанда көрсетілетін қызмет қала халқы мен қонақтарының көңілінен шығады деп сенеміз, - деген қала әкімі салтанатты түрде қызыл лентаны қиып, ғимараттың ішін аралап көрді.

Аудандағы өзге сауда орындарынан ерекшелігі: мұнда жоғарғы қабатқа көтерілу үшін жылжымалы сатылар (эскалатор) жұмыс жасап тұр.

-Ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында заман талабына сай жаңа ғимаратымызды ашып отырмыз. Бұл жерде қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі қарастырылған. Жаңа ғимараттың пайдалы алаңы 5648 шаршы метрді құрайды. Бұл жерде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Бұрын орталық базардың ауласында сауда жасайтын кәсіпкерлерге орындар берілді. Жаңа ғимараттың құрылысына «Форте Банк» банкінен несие алынып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры акционерлік қоғамының «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерінің бір бөлігін субсидиялау арқылы қолдау көрсетілді , - дейді «Беркад» орталық базарының басшысы Аманбай Жұмалы.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT