Ортақ тарихымыздың символы

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Осы уақыттан бастап 1 наурыз күні елімізде жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күні болып аталып өтуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы мерекеге қатысты үндеуін де жариялады. Бұл мереке - біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Елбасы бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні - бейбітшілік пен келісімнің жарқын көрінісі.

Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында ел ішінде қалыптасқан өзара түсіністік пен бір-біріне қолдау көрсету біздің еліміздің, біздің қазақстандық үлкен отбасының рухани қағидаты болып қалыптасты. Қиын-қыстау жағдайда бір-біріне қол ұшын созып, иық тіреп көмек көрсету - дала халқы үшін жазылмаған заң. Миллиондаған адамдар өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап, бақытын тапқан Отанына айналған киелі қазақ жеріне, қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін қазақ халқына алғыс айтуда. Отанымыздың тарихы мен жинақтаған тәжірибесінен асқақ гуманизмнің, адал ниет пен шынайы ризашылықтың мыңдаған дәлелдерін көруге болады. Көптеген жылдар бойы миллиондаған тағдырлардың тоғысуы, жүздеген этностардың өзара араласуы, дәстүрлері мен өмірлік ұстанымдарының ұштасуы дара Көшбасшымыздың жетекшілігімен, қайталанбас рухани және бірегей мәдениеті қалыптасқан ұлт болып ұйысып, болаттай берік бірлігі бар еңселі ел болуымызға негіз қалады.

Бұл - Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген барлық жетістіктерін айқындап, үшінші жаңғырудың міндеттерін абыроймен орындауға берік іргетас болып отыр.

Алғыс айту күні Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер - патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік қосымша серпін алады.

Мөлдір Данисова,

аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521