Оразкүл Асанғазы жылыойлық тұрғындармен кездесті

Қоғам қайраткері, тіл жанашыры, отбасылық бақытты насихаттаушы, “Құрмет”, “Парасат” орденінің иегері Оразкүл Асанғазы Жылыой ауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу отбасы күніне орай  “Саналы ұрпақ - ұлт болашағы” деген тақырыппен өткізілді.

Семинар Жылыой ауданы әкімдігі және “Сенімен болашақ” республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Ә.Шәкіров өз кезегінде:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек.

Ауданымызда отбасы ұғымын дәріптейтін, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында түрлі игі шаралар ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.

84d02b4f-d4c2-4de9-bab0-b2a89cd8447e

Семинарда Оразкүл Асанғазы саналы ұрпақ тәрбиелеудегі қазақ тілінің, тарихының маңызы, болашақ ұрпақтың бойына ұлттық құндылықты сіңдіре білу және бақытты отбасы құрудағы қазақ әйелінің рөлі туралы айтты.

Семинар барысында ауданның қыз-келіншектері отбасы, бала тәрбиесіне және мемлекеттік тілге қатысты сұрақтарына жауап алып, спикерге алғысын білдірді.

Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Ә.Шәкіров Оразкүл Асанғазықызына алғыс білдіріп, Жылыой жерінен естелік ретінде кітап табыстады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT