Оразадағы тегін такси қызметі

Бұл "дәстүрлі" қызметті жылыойлық Тұрсын көрсетеді

Елдегі төтенше жағдайға қарамастан қолдан келген көмегін аямай жүрген кәсіпкерлер, тіпті қарапайым адамдар аз емес. Бірі шама-шарқынша азық-түлікпен қамтыса, енді бірі бетперде тігіп, оны халыққа тегін таратты. Ерікті жастардың еңбегі өз алдына: олар амалсыздан құлағалы тұрған үйде тұрып жатқан мүмкіндігі шектеулі балалардың анасына үй салуға кірісіп кетті.

Осы орайда қасиетті Рамазан айында жұма сайын тегін такси қызметін ұсынып жүрген жерлесіміз туралы айта кеткен жөн.

Жұмада тегін такси қызметін ұсынып жүргелі биыл үшінші жыл. Сауапты іс атқарып жүрген ағамызға халықтың алғысы шексіз.

Тұрсын ағамыздың бұл ісі баршаға үлгі болары сөзсіз.

Ж.Әбдікәрімова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521