Оралмандарға Қазақстан азаматтығын алу үшін көбірек уақыт берді

Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан этникалық қазақтардың елге ерікті түрде оралуын ынталандыру саясатын жүргізеді. Қазақстанда этникалық репатрианттардың бейімделуі мен кірігуі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Сонымен, оралман мәртебесін алғандарға Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар (қалған шетелдіктер Қазақстанда кемінде 5 жыл тұруы қажет). Сонымен қатар, оралман мәртебесі оны алған күннен бастап бір жыл өткен соң тоқтатылады. Оралман мәртебесін ұзарту оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өтініш берген кезде жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу мақсаттары үшін ғана көзделеді.

Бірақ, бүгінгі таңда оралмандар ұсынылған уақыт ішінде жеңілдетілген тәртіппен қазақстандық азаматтығын алмаған, көрсетілген жағдайдың туындау себептеріне қарамастан, мұндай мүмкіндіктен айырылады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне осы мәселені шешуге көмек көрсету бойынша көптеген өтініштер келіп түсуде. Осыған байланысты, биыл 16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оралмандар мәртебесін жеңілдетілген тәртіппен 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осылайша, мәртебесі кешіктірілген оралмандар оны ұзарту және қазақстандық азаматтығын алу үшін ішкі істер органдарына құжаттарды оңайлатылған тәртіппен беру үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгіне алады. Сонымен қатар Жылыой ауданы аумағында шілде айының 2-4 аралығында «Оралман» жедел-профилактикалық іс-шарасы да өтті.

Б.Еңсеп,

Жылыой ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі

бөлімшесінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика