Қызмет көрсететін мемлекеттік орган тарапынан қызмет алушы тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі заңды құқықтары туралы хабардар болуын арттыру, көрсетілетін қызметтерге әдістемелік көмек көрсету – басты міндет. Міне, осы мақсатты көздеген Әділет департаменті облыс көлеміндегі мемлекеттік қызмет көрсетуші органдарда цифрлық форматтағы «ашық есік» күнін ұйымдастырды.
«Ашық есік» күні онлайн форматта өтті. Облыс аумағындағы қызмет көрсетуші департаменттер, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау облысы бойынша филиалы, қала және аудандарда бірыңғай форматта жүзеге асты. Оған 1500-ден астам азамат онлайн түрде қатысып, қызмет түрлерін алды. Қызмет алушы азаматтар көбіне көп жер мәселесі, атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы, тұрғын үй мәселесі бойынша қойылған сұрақтарға жауап алды. Оларға қызмет көрсетуші органдардың білікті мамандары нақты жауап жолдап, ақыл-кеңесін де берді.
Е.БИСЕКЕНҰЛЫ