Қолдан жасалған жалған ақшаларды қалай ажырата аламыз?

Қолдан жасалған банкноттардың сериялық нөмірі - ВВ 5547994, бірақ басқа нөмірлер де болуы мүмкін. Қолдан жасалған банкноттар қорғалған қағазда компьютерлік техниканы пайдалана отырып жасалған, банкноттың бүкіл бетінде геометриялық фигуралар түріндегі сутамғы белгілері бар. Сонымен бірге оларда мифтік «Самұрық» құсы түріндегі сутамғы белгінің имитациясы бар.

Қолдан жасалған банкноттардың сериялық нөмірі - ВВ 5547994, бірақ басқа нөмірлер де болуы мүмкін. Қолдан жасалған банкноттар қорғалған қағазда компьютерлік техниканы пайдалана отырып жасалған, банкноттың бүкіл бетінде геометриялық фигуралар түріндегі сутамғы белгілері бар. Сонымен бірге оларда мифтік «Самұрық» құсы түріндегі сутамғы белгінің имитациясы бар.

Жалған банкноттарда қорғаныш элементтері: сутамғы белгі, үзік жіп, жасырын және аралас бейнелер, барыс қанатының бейнесі түріндегі «СПАРТ» қорғаныш элементі, ультракүлгін жарықпен ғана көрінетін бейнелер және басқалары имитацияланған. Ультракүлгін жарықпен қарағанда қолдан жасалған банкноттың көгілдір түсі болмайды. Мұндай банкноттардың түрлі-түсті талшықтарын жасырын ақша жасаушылар қолдан бояумен салады. 5000 теңгелік қолдан жасалған банкноттың түстері түпнұсқасына қарағанда көмескіленіп тұрады.

Ұлттық Банк халықты қырағы болуға және нағыз банкнотты қолдан жасалғанынан ажыратуға көмектесетін бірнеше ережені сақтауға шақырады:

5000tupnuskabanknot

Түпнұсқа банкнот

5000koldanjasalganbanknot

Қолдан жасаған банкнот

 

Алдымен, банкнотты сезіну қажет. Банкноттың қағазы ерекше сықырлайды. Банкноттарда бедер беретін арнайы мөр бар. Бұл бедерді «Қазақ елі» монументі, банкнот номиналының әріппен берілген, архитектуралық бейнелер, Қазақстан картасы және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу салынған тұсынан байқауға болады.

Банкноттардың барлығында қол сипағанда жақсы білінетін, шығыңқы бедерлі элементтер түріндегі, көруі нашар адамдарға арналған белгілер бар.

10000 және 20000 теңгелік банкноттарда түсі ауысып отыратын бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар.

Банкнотты қисайту бұрышын өзгерткен кезде бейнелердің түсі жасыл түстен алтын түстес түске дейін өзгереді. Номиналы 2000 және 5000 теңгелік банкноттардың сырт жағында голографиялық жолақ бар. Голограммадағы бейнелер құбылып тұрады және динамикалық әсері бар. Көрсетілген сезіну, қарау және айналдырып қарау әдістері арнайы жабдықты пайдаланбай банкноттарды жылдам көзбен көріп, тексеру үшін жеткілікті. Аталған әдіс 5 секундқа да жетпейтін уақыт алады және банкноттардың түпнұсқалығын тексеруге көмектеседі.

Арайлым Әмин, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521