СОҢҒЫ УАҚЫТТА ЕЛІМІЗДЕ ОРЫН АЛҒАН ОҚИҒАЛАР АНА РЕТІНДЕ МЕНІҢ ДЕ ЖАНЫМА ҚАТТЫ БАТТЫ. ӨРІМДЕЙ ЖАС ЖІГІТТЕР, АТПАЛ АЗАМАТТАР, КІШКЕНТАЙ БҮЛДІРШІНДЕР ОҚҚА ҰШЫП, КІСІ ҚОЛЫНАН ҚАЗА ТАПТЫ. СОНДЫҚТАН ДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ 10 ҚАҢТАРДЫ - ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ.
Осыған орай еліміздегі барлық мемлекеттік мекемелерде көк байрағымыз түсіріліп, халық қаза тапқан отандастарын қайғырып еске алды.
Аналар аңырап, жарлар жылаған мұндай қаралы күнді енді Алла басымызға бермесін! Елдің тыныштығы күзетінде тұрып, антына адалдық танытып, сол жолда шейіт кеткен жандардың рухы мәңгілікте шат болғай! Олардың жап-жас бейнесі әрқашан қазақ халқының жүрегінде мәңгілік сақталып қалары анық.
Болашақта мұндай қайғы-қасірет орын алмасын, еліміздің ашық аспанын бұлт баспасын, жұртымыз аман болып, халқымыз бұрынғыдай бейбіт мамыражай тірлік кешсін дегім келеді!
Алмажай ЕРҒАЛИЕВА,
зейнеткер,
Құлсары қаласы