Олар қоғаммен бірге

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ-нің екі бөлімшесі бар:

1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 59 бала бар. 9 әлеуметтік қызметкердің әрқайсысына 6-7 баладан бекітіліп беріліп, 8 түрлі әлеуметтік қызмет көрсетілуде, атап айтқанда әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-еңбек. Әлеуметтік қызметкерлер аптасына 2-3 рет үйлеріне барып қызмет көрсетеді.

2. Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету бөлімшесінде 51 қария есепте тұр, оның 1-еуі – мүгедек. 6 әлеуметтік қызметкердің әрқайсысына 8-9 қариядан бекітілген. Әлеуметтік қызметкер стандартқа сай 7 түрлі қызмет көрсетіп отыр, атап айтқанда әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-еңбек. Әлеуметтік қызметкерлер аптасына 2-3 рет үйлеріне барып қызмет көрсетеді. Қаңтар айында «Қыс келбеті» атты сурет салу сайысы ұйымдастырылды. Ата-аналар мен балалар өз қалаулары, өз қиялдары бойынша суреттерін салды. Жас суретшілеріміздің қиялға бай екендігі суреттерінен байқалды. Балалар арнайы дипломмен марапатталды.

15-25 қаңтар аралығында өткен «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық басылымының ұйымдастыруымен «Бояулар құпиясы» атты конкурсқа орталықта есепте тұрған 5 бала онлайн қатысып, өздерінің суреттерін жолдаған болатын. Конкурс қорытындысы бойынша Қ.Елубаев, Б.Сағат жүлделі 2 орын, А.Сериков, А.Азаматқызы, А.Асанхан жүлделі 3 орын алып, арнайы дипломдармен марапатталды. Ардагерлер мен қарттарға көмек көрсету акциясы аясында жастардан, колледж студенттерінен құралған еріктілер тобы жалғызбасты қарт Б.Күмісова әжейдің үйін қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Тоқсан сайын «Орталықтың бір күндік тынысы» атты «ашық есік» күні ұйымдастырылды. 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ана деген-тіршіліктің тірегі» атты мерекелік шара ұйымдастырылса, Амал мерекесіне орай «Жыл басы – Наурыз» атты мерекелік шара қарсаңында №3 мектеп оқушылары қайырымдылық концерт ұйымдастырды.

9 сәуір күні «Саржайлау» демалыс орнына орталықта есепте тұрған балалар апарылды. Ғарышкерлер күні мерекесіне орай «Ғарышкер болғым келеді» атты шара ұйымдастырылса, Ынтымақ күніне орай «Татулық, бірлік, ынтымақ» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

 8 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай орталықтың әлеуметтік қызметкерлері мен есепте тұрған балалар «Жеңіс саябағында» бабалар рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Ай сайын «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында ертегілер қойылымы ұйымдастырылды. Балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Балалық шақ – ғажайыптар әлемі» атты шара ұйымдастырылды «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының «Теңіз жүрегі» жобасы аясында балаларға керемет сый жасалып, «Мармелад» орталығына апарылып, балаларға қуаныш сыйлады. Жоспарлы шаралардың бірі – «Шынықсаң, шымыр боласың» атты спорттық шара ұйымдастырылды. «Толағай» және «Айбын» атты екі топқа бөлініп, спорттың әр түрінен сайысқа түсті. Жарыс соңында балаларға мадақтама қағазы мен сыйлықтар таратылды. 

Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде «Шаңырақ» мейрамханасында «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының «Теңіз жүрегі» волонтерлық жобасының ұйымдастыруымен орталықта есепте тұрған балаларға шығармашылық жазғы фестиваль ұйымдастырылды. Арт терапия, копилка бояу, брелок жасау, сабын жасау, бөтелкені бояп шам жасау бағыттары бойынша балалар белсенділік көрсете білді. Фестиваль соңында балаларға SYMMER FESTIVAL шығармашылық шарасына белсенді қатысқаны үшін сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.

Конституция күніне орай орталықтағы балалар рәміздер алаңына апарылып, Қазақстан Республикасының Әнұраны, Туы, Елтаңбасы туралы түсінік беріліп, балалар фотоға түсіп, тәттілер таратылды.

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Атырау қаласы «Мейірімді жан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Инклюзивті сән әлемі» көрсетіліміне арнайы шақыртумен А.Азаматқызы барып, Алғыс хат пен сыйлықтар алып қайтты. Орталықта «Өнер құдіреті мәңгілік» атты мәдени шара ұйымдастырылып, балалар дипломдармен марапатталды. Қазан қайырымдылық айы қарсаңында бөлімнің бас маманы Л.Досжанова қарттарды мерекемен құттықтап, сыйлықтар беріп, әлеуметтік қызметкерлердің жұмысына тексеру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар 21 қазанда «Теңіз жүрегі» қоғамдық бірлестігі «Сабын жасау» шеберлік сағатын өткізді.

 Қазан – қайырымдылық айы қарсаңында «Ару-Ана» мейрамханасында «Мейірімділік жүректен» атты қайырымдылық дастарханы жайылып, орталықта есепте тұрған қарттар апарылды. Орталықта Республика күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан» атты, 21 қараша күні орталықта «Күз, мереке, молшылық» атты мерекелік шара, тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. 24 желтоқсан күні орталықта есепте тұрған қарттарға «Жол арна» ЖШС-інің демеушілігімен азық-түліктей көмек таратылды.

Инватакси автокөлігі мүмкіндігі шектеулі І, ІІ топтағы және бала жастан мүгедек арбада отырған жандарға 338 тегін қызмет көрсетті.

 Өткізілген шаралар туралы мәліметтер «kulsarу_ortalyk» парақшасында жарияланып отыр.

Гүлмира Наурызбаева,

 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет

 көрсету аумақтық орталығының нұсқаушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT