Олар енді ыстық тамақпен қамтылады

Қауіпті инфекцияның таралмауына қатысты іс-шараларды бекітіп, жұмыстар жасалуда.

Қазір бүкіл әлем коронавирус пандемиясымен күресуде. Мемлекетіміз дер кезінде дұрыс шешім қабылдады. Қауіпті инфекцияның таралмауына қатысты іс-шараларды бекітіп, жұмыстар жасалуда. Осы жағдайда, Мемлекет басшысы халықтың денсаулығына ғана емес, әлеуметтік жағдайына да ерекше көңіл бөліп отыр.

ccepkomek

⠀ - Жылыой ауданы әкімдігі де індеттің алдын алу үшін дайындықты күшейтті. Соның аясында жасы егде жандардың көшеге шықпауына қатты мән беріп отырмыз. Ауданымыздағы жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмекті күшейтеміз. Сол мақсатта, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ірі компаниялардың демеушілігімен қайырымдылық шараларын ұйымдастырып отырмыз. ⠀

«Caspian Offshore Construction Realty» ЖШС-нің демеушілігімен қамқорлықты қажет ететін 50 жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында елімізде жарияланған төтенше жағдай мерзімінде яғни 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін үйіне жеткізу арқылы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. ⠀

ccepkomek2

Бұл көмек төтенше жағдай аяқталғанша жалғасады. Осы ретте әкімдіктің ұсынысын бірден қолдаған «Caspian Offshore Construction Realty» ЖШС-нің бас директоры Прокопец Александрге алғысымызды білдіреміз. ⠀

Біз бірге болсақ, ұйымшылдығымызды таныта білсек, еліміз қауіпті дертті жеңеріне сенемін,- деді аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров.

Жылыой ауданы әкімдігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521