Олар әдет-ғұрпымызды сыйламайды

Жақында Жем ауылдық округіне облыс орталығынан «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог мамандары келді.

Олар Тұрғызба ауылында «Діни экстремизм мен радикализм идеяларының алдын алу жұмыстары» тақырыбында кездесу өткізді.

Топ құрамында Шүкіріддин Темірқұлұлы мен Амангелді Оразов, Атырау облысы ақпараттық талдау орталығының Жылыой аудандық филиалы басшысы А.Есқайыровтар болды. Жем ауылдық округінің әкімі Б.Қариев қонақтармен таныстырып, кездесуді ұйымдастырудағы мақсаты мен маңызына тоқталды.

-Басты мақсат - қоғам назарын радикализм, экстремизм мен терроризмнің барлық түрлері мен көріністеріне қарсы мемлекет пен азаматтар ортақ шеп құра отырып, күресулері тиіс екендігін түсіндіру,- деген ауыл әкімі тұрғындарға осы мүмкіндікті пайдалана отырып, көкейдегі толғандырған сауалдарды қоюға шақырды.

-Жат діни ағымдарға тән келесі бір белгі – дәстүрлі дінді қабылдамай, оның жергілікті ерекшеліктеріне қарсы тұруы. Әрқайсысы өзінің «ілімін», Құдайға табыну рәсімдерін ұсынып әлек. Сол себепті олар сектаға жатады, өкінішке қарай қалыптасқан діни дәстүрді бұзуға, тәрк етуге бағытталған жаңашыл, төңкерісшіл рух жастардың қызығушылығын тудырып, ой-санасын тез жаулап алады,-деді өз сөзінде Шүкіріддин Темірқұлұлы.

Ал Амангелді Оразов Қазақстандағы діни ағымдардың қайсысы еліміздегі дәстүрлі дінді қабылдамаса, сол арқылы қоғам тұтастығына жік түсірсе, соны жат діни ағым деп есептеу керектігін айтты. Ал шын дінді шатақ діннен айырудың үшінші белгісі қай дін, қай ағым болмасын ұлттық әдет-ғұрыпты сыйламау, оларды сыртқа тебу екенін қаперге берді. Кездесу соңында тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521