Олар да қоғаммен бірге

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мүгедектігі бар жандарға 9 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олар: «Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу», «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу», «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Есту кемістігі бар мүгедектерді ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу», «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру». Қазіргі таңда осы мемлекеттік қызмет түрлеріне өтініш мемлекеттік корпорация, проактив және «электронды үкімет» e-gov порталы арқылы қабылданып жатыр.

Өтініш қабылданғаны немесе бас тартылғаны туралы өтініш берушіге міндетті түрде смс-хабарлама барады. Биылғы 2024 жылдың 10 айының қорытындысымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген жұмыстар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, «Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» үшін 56 өтініш түссе, оның 7-еуі «электронды үкімет» egov арқылы, 9-ы проактив , 40-ы мемлекеттік корпорация арқылы жолданды. «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мақсатында 38 арыз келсе, оның 3-еуі «электронды үкімет» egov, 35-і мемлекеттік корпорация арқылы түсті. Ал «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» үшін 181 арыз түскен. Оның 7-еуі «электронды үкімет» egov арқылы, 173-і мемлекеттік корпорация және 1-еуі бөлім арқылы келді. «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» бойынша 854 өтініш қабылданып, оның 181–і «электронды үкімет» egov, 55-і проактив, 616-сы мемлекеттік корпорация және 2-еуі бөлім арқылы түсті. «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мақсатында 449 өтініш алынып, оның 60–ы «электронды үкімет» egov, 19-ы проактив, 360-мемлекеттік корпорация және 7-еуі бөлім арқылы қабылданды. «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» үшін 899 өтініш түссе, оның 191–і «электронды үкімет» egov, 90-ы проактив, ал 598-і мемлекеттік корпорация және 20-сы бөлім арқылы түсті. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеуге» 150 адам өтініш білдірді. Оның 2–еуі «электронды үкімет» egov, 142–сі проактив, 6-уы мемлекеттік корпорация арқылы келді.

«Есту кемістігі бар мүгедектерді ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» бойынша 31 өтініш келіп, оның 1-еуі «электронды үкімет» egov, 30–ы проактив арқылы тіркелді. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беруге» 3-өтініш «электронды үкімет» egov арқылы түскен. Жалпы мүгедектігі бар жандар үшін түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады. Атап айтсақ, бөлімнің әлеуметтік желісіне 32 хабарлама жолданып, біздің бөлім мен мемлекеттік корпорация қызметкерлері 6 «дөңгелек үстел» және 2 рет «Ашық есік» күнін өткізді. Сонымен бірге, биылғы 2 мамырдағы аудандық газеттің №18(8118) санына мақала жарияланды. Бөлім ғимаратында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» бар. Сол арқылы 1207 мүгедектігі бар жан қызмет алды. Оларға бөлімнен бір қызметкер арнайы бөлініп отыр.

Ләззат Досжанова,

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT