Олар қандай болсын құрметке лайық

Қазан айының соңғы жексенбісі елімізде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні деп белгіленген. Атаулы күнге орай «Кең Жылыой» мәдениет үйінде ауданымыздағы әлеуметтік қызметкерлерге арналған салтанатты шара өтті. Онда елге еңбегі сіңіп, абыройға бөленген бірқатар қызметкерлер марапатталды.

aleumet1

Шараның ашылуында ауданымыздағы әлеуметтік сала туралы бейнебаян көрсетілді. Азаматтарға қамқор бұл құрылымның қызметі қашанда сұранысқа ие. Өйткені олар мемлекет қамқорлығын қажет ететін зейнеткерлер мен әлеуеті төмен, көпбалалы отбасы және мүгедек жандарға жанашырлық танытып, дер кезінде көмек көрсетуге әзір. Сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен аудан әкімі Азамат Бекет құттықтап, жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан азаматтарды марапаттады.

aleumet4

Атап айтсақ Жұмыспен қамту орталығының директоры Қ.Омаров, орталық қызметкері Ә.Мамаевалар облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың алғысхатымен марапатталды. Ал М.Нысанбаева, А.Қожиева, С.Құрманғалиева, Н.Жұмалиева, Г.Жиенғалиева, А.Моншина, А.Сұлтанова, А.Қопашева, Л.Садуева, З.Түйешиева, Л.Досжанова, Ә.Мамаевалар аудан әкімінің алғысхатына ие болды.

aleumet5

Сонымен қатар қазан айында қайырымдылық шараларына демеушілік көрсеткен Аманбек Мұқанов, Бағытжан Құлтекенов, Батырбек Батырханұлына аудан әкімінің алғысхаты табыс етілді. Аудандық мәслихат хатшысы Мұхтар Кенғанов сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, А.Сақтағанова, Ф.Тапалова, А.Күзенбаева, М.Нұржановтарға өз атынан алғысхат табыс етті.

aleumet2

Марапат иелері естелік суретке түсті. Сала ардагері, зейнеткер Мақсот Ұлханов әріптестерін мерекемен құттықтады. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұржарық Сауытов сала қызметкерлерін құттықтап, қолдау көрсетіп отырған азаматтарға ризашылығын білдірді.

aleumet6

Мерекелік шараға келген сала ардагерлеріне ұлттық киім киген қыздар гүл шоқтарын тарту етті. «Жем аруы» би ансамблінің бишілері сахнада мың бұралып би биледі. Мәдениет үйінің қызметкерлері мен аудан өнерпаздары әуелете ән шырқап, күмбірлете күй тартып, көрермен көңілін бір серпілтіп тастады.

Қ.Дүйсенбетов

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl