Округке жаңа мәдениет үйі салына ма?

Қосшағыл ауылдық округінің әкімі С.Баселов «Округтің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жылға қойылған міндеттері» туралы есебін баяндады.

– Алдағы уақытта балабақша, мәдениет үйін салу және көше жарығын орнату жоспарда бар, - дейді ол.

Баяндама тыңдалғаннан кейін тұрғындар сұрақ қойды. Ауыл тұрғыны М.Ізтұрғанов Жемді бөгеу туралы мәселе көтерді. Бұл сұраққа жауап берген аудан әкімі Азамат Бекет Жем өзенін бөгеу үшін уақыт керектігін айтты. Тұрғын А.Ермұратов «Балаларымызға мектепке қатынау қиын. Сондықтан арнайы автобус шығарылса» деген ұсынысын айтты. Бұл сұрақ алдағы уақытта шешілетін болды. Қ.Әбішова әлеуметтік көмек сұрады. Оған округ әкімі С.Баселов жәрдемақыны қайта есептеп, осы жылы берілетіндігін айтты.

«Нефтекачка» тұрғыны Г.Шаненова №51 автобус кімнің иелігінде екенін сұрады. Іші ескі екендігін айтты. Көше жарығының мардымсыз екендігі туралы да сөз қозғады. Бұл сұрақтарға жауап берген аудан әкімі А.Бекет бұл бағыттағы автобус «Теңізавтокөлік» ЖШС иелігінде екендігін айтты. Алдағы уақытта мүмкіндік болса, жаңа автобусқа ауыстырылатынын жеткізді. "Жарықтандыру қазір барлық ауылда жүзеге асуда. Ары қарай да жалғаса береді," - деді. Сонымен қатар аудан әкімі қосшағылдықтардың басқа да сұрақтарына жауап берді.

Ж.Шаңқанова

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика