Жақында аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Бөбек Садықова «Айгөлек» балабақшасымен бірлесіп «Ойын арқылы бала дүниені таниды» тақырыбында шара өткізді.
Онда «Қарлығаш» ортаңғы тобының тәрбиешісі Жанаргүл Ерғалиева қатысып, балаларды тәрбиелеудегі өзіндік іс-тәжірибелерімен бөлісті. Түрлі ойын түрлерімен ойната отырып, сурет салуға, санауға, сергіту жаттығуларын жасауға, таза ауада серуендеуге, әріптерді ұқыпты жаза білуге үйретуге болатыны айтылды.
- Қазіргі заман талабына сай балабақшада үш тілде тәрбиелейміз. Орыс тілін үйретуде де ойын түрлері арқылы балалардың тілін жаттықтыруға, қызықты ертегі кейіпкерлері рөлдерін сомдап, балалардың әр күнін қызықты етіп өткізуге атсалысамыз, – деді орыс тілі маманы Әсел Аманова. Ал кішкентай бүлдіршіндер «Кітап, кітапхана деген не?» деген сауалдарға өз жауаптарын тамаша жеткізіп, тағы да қонаққа келетіндерін айтты.
Қ.Нұртайұлы.