Ойын алаңдары қажет

Ендігі мәселе осы жерге кішкентай бүлдіршіндер үшін ойын алаңы мен ашық аспан астындағы шағын жаттығу орны салынса...

Биыл «Достық» ықшамауданы мен 4-учаске арасынан шағын аяқдоп алаңы қолданысқа берілді. Ол жерде жастар түн ортасына дейін футбол ойнап, шынығуда.

Ендігі мәселе осы жерге кішкентай бүлдіршіндер үшін ойын алаңы мен ашық аспан астындағы шағын жаттығу орны салынса... Өйткені жастар мен жасөспірімдер кіші аяқдоп алаңында ойын ойнағанда айналасына жиналған кішкентай балалардың жанкүйер болудан басқа амалдары қалмайды. Сондықтан балақайлар үшін ойын алаңы қажеттігі байқалады.

Тағы да айта кететін жағдай, жауын-шашын болған уақытта шағын аяқдоп алаңы маңына су жиналып, балшық болуда. Осы мәселеге қала әкімдігі тарапынан қолдау көрсетіліп, топырақ төгіліп, биктетілсе деген тілегіміз бар.

Қ.Қожаназартегі, қала тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521